Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Қаңтар, 2024

Маңғыстау облысында қырылған аққулардың өлексесі жойылып жатыр

Маңғыстау облысы Қаракөл көліндегі жаппай қырылып жатқан аққулардың өлексесі арнайы аппаратпен өртеліп, жойылып жатыр. Бұл туралы Kazgazeta.kz kazinform.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы күнге дейін 1110 аққудың өлексесі табылған. 

«Аққулардың өлексесі ветеринарлық талаптарға сай жойылып жатыр. Мамандар арнайы қорғау киімдерімен қамтылған. Құстардың өлексесін жою үшін Атырау қаласынан инсинератор пеші бар «Камаз» автокөлігі алынды. Өлген құстар пеште өртеліп, күнделікті жойылып отырады» деп жауап берді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.

Сондай-ақ, сауал жауабында 2024 жылғы 22 қаңтарда Қаракөл көлінде 1110 аққудың өлексесі табылып, жойылғаны айтылған.

Фото: ашық дереккөз

308 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз