Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қаңтар, 2024

Алматыда Ауғанстан ардагерлеріне арналған Ашық есік күні өтеді

Алматыда Ауғанстан ардагерлеріне арналған Ашық есік күні өтеді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының барлық ведомстволық бағынысты амбулаторлық-емханалық ұйымында Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне арналған Ашық есік күні өтеді.
Интернационалист жауынгерлерге кез келген медициналық және консультативтік медициналық көмек тегін көрсетіледі.
Олар невропатолог, кардиолог, офтальмолог, ортопед және басқа жоғары мамандандырылған дәрігерлердің тексеруінен және ЭКГ, ФГДС, УДЗ, зертханалық зерттеулер сияқты медициналық тексерулерден өте алады.
Тасымалдауға жарамсыз мүгедектер үшін үй жағдайында тар мамандықтағы дәрігерлердің тексеруі ұйымдастырылады.

227 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз