Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 24 Қаңтар, 2024

Депутат автобустарда жүргізушіні жолаушылардан оқшаулайтын шарбақ орнатуды ұсынды

Астана мәслихатының депутаты Сәуле Самидин елордадағы маршруттық автобустарда жүргізушіні жолаушылардан оқшаулайтын шарбақ орнатуды ұсынды.

«Жаңа автобустар сатып алған кезде жүргізушілердің қауіпсіздігін ескерсеңіздер деген өтініш айтқым келіп отыр. Жолаушының жүргізушіге қол жұмсауынан апат болып, адам өлімі тіркелгені сияқты жайттарға жол бермеуіміз керек. Шетелдерде жүргізушіні жолаушылардың шабуылынан қорғайтын шарбақтар бар. Бұл мәселені ерте бастан, қазірдің өзінде ойластыру керек», - деді депутат.

Еске салсақ, желтоқсан айында Алматыдағы №47 бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан үш адам қаза тапты. 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген еді. 

Фото: Досжан Балабекұлы

208 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз