Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Қаңтар, 2024

Француз сарапшылары қаңтар оқиғаларының жаңа фактілерімен танысты

Қазақстанның Париждегі Елшілігінде қаңтар оқиғаларының екінші жылдығына орай «Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді» деректі фильмінің көрсетілімі мен талқылауы өтті. Іс-шараға Қазақстан мәселелері бойынша маманданған француз сарапшылары қатысты, - деп хабарлайды Сыртқы істер мнистрлігі.

Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова куәгерлердің нақты фактілері мен бейне материалдарына негізделген бұл фильм болған оқиғаның хронологиясын көрсетіп, көрермендерге «Қайғылы қаңтардың» объективті бейнесін ұсынуға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, бұл оқиғалар Мемлекет басшысы бастамашылық еткен елдегі ауқымды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі іске асыруға қуатты серпін бергені атап өтілді.

Өз тарапынан іс-шараға қатысушылар эксклюзивті бейнематериалдар арқылы фильм қаңтардағы оқиғаларды терең талдауға, олардың шынайы себебі мен салдарын түсінуге мүмкіндік беретініне назар аударды. Сонымен қатар, сарапшылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң мен тәртіпті қалпына келтірудегі шешуші рөлін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірді. Талқылау барысында көрермендер мемлекет тарапынан адам құқықтарын қорғау, экономиканы монополиясыздандыру, сондай-ақ еліміздің халықаралық аренадағы қызметі саласындағы шараларға қызығушылық танытты.

Фильмнің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз