Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қаңтар, 2024

2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алды

Өткен жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді. 2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алды. Бұл туралы Бірінші кредит бюросынан мәлім етті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz

«2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге» делінген хабарламада.  

Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

183 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз