Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 25 Қаңтар, 2024

Дархан Ахмед-Зәки отандық ғалымдар әзірлеген жаңа күн панелі туралы айтты

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Зәки отандық ғалымдар әзірлеген жаңа күн панелі туралы айтты.

«Қазір біздің ғалымдар әзірлеген жобалар бар. Физика-техникалық институтының өнімі қарағандылық компаниямен бірлесе қазір жаңа күн панельдерін жасауға мүмкіндік беретінін көріп отырмыз», - деді Дархан Ахмед-Заки Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министр бұл жоба отандық өнім екенін растады.

«Бүгін біз іскерлік кеңесте олардың өнімін экспорттау бағыттарын талқыладық. Бұл ретте, ғылыми институтпен өзара іс-қимыл арқылы отандық өнімді өндіріп, оны экспортқа шығаруға мүмкін болады. Осы өнім Физика-техникалық институты зерттеуі нәтижесінде жасалып отыр», - деді министрлік өкілі.

Фото: ашық дереккөз

201 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз