Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 25 Қаңтар, 2024

«Орталық Азия + Жапония» диалогына назар аударылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония СІМ Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі, Елші Масаки Икегамимен кездесті - деп хабарлады  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

кездесу

Сұхбаттасушылар жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретін биік және жоғары деңгейлердегі сапарлармен алмасу маңыздылығына тоқталды. Ағымдағы жылы өтетін бірлескен іс-шаралардың күн тәртібіне, оның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Тараптар жасыл экономика, цифрландыру, көлік және логистика сияқты салалардағы инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға баса назар аударуды жалғастыратыны туралы уағдаласты.

Анықтама: Жапония 1993 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 7,8 млрд. доллардан асатын Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 202жылы 2,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

200 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз