Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Қаңтар, 2024

Астанада «101», «112» шұғыл қызмет желілері істемей қалды

Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет желілері («101», «112») ажыратылды. Оған байланыс желісі бойынша техникалық ақаулар себеп болған.

«Астана қаласы тұрғындарына шұғыл ақпарат. Байланыс желісі бойынша техникалық ақауларға байланысты ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет желілері («101», «112») ажыратылды. Төтенше жағдайлар (оқиғалар) кезінде келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз. 8(7172)55-94-32, 8(7172)37-41-70, 8(7172)37-43-63 және ұялы телефон нөмірлері 8-771-440-01-12, 8-708-269-23-41», - деп хабарлады департамент әлеуметтік желіде.

Бұл ретте қалалық нөмірлерден «101» және «112» нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігі бар.

Фото: ашық дереккөз

313 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз