Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: 27 қаңтар күні жарыс жолына кімдер шығады

27 қаңтар күні Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың 2 түрінен сынға түседі. 

Атап айтсақ, фристайл могул мен керлингтен отандастарымыз бақтарын сынайды. 

Жарыс кестесі Астана уақыты бойынша көрсетілген. 

Фристайл могул. Жеке бәсеке

10:00. Ұлдар/қыздар

Денис Раструба

Юлия Феклистова

Керлинг.

15:00. Аралас жұптық бәсеке. Топтық кезең.

Қазақстан - Аустрия

Мерей Тастемір

Ибрагим Тастемір

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды. Канвон провинциясының Каннын қаласында өтетін жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап жатыр. 

Еске салайық, Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарыста әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800 спортшы 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығын сарапқа салуда.

Фото: olympics.com

376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз