Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Қаңтар, 2024

Сыртқы істер министрі Душанбедегі қазақ жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Тәжікстан Республикасына ресми сапарының екінші күні Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық батырларды еске алуға іс-шарасына тәжік тарапының өкілдері, оның ішінде Тәжікстанның МҰҚК Шекара әскерлерінің ардагерлері мен зейнеткерлері кеңесінің төрағасы генерал-лейтенант Сафарали Сайфуллоев, сондай-ақ елордалық мэрия басшылығы келді.

гүлҚазақстанның Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбе қаласының басшылығына монументке ұқыпты қарағаны үшін алғыс айтып, азаматтарымыздың ерліктерін есте сақтауда одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

298 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз