Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қаңтар, 2024

Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат бергені үшін айыппұл арқалады

Алматы прокурорлары жер сілкінісі туралы жалған ақпарат үшін жауапқа тартудың алғашқы фактілері туралы хабарлады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Жер сілкінісінен кейін әртүрлі әлеуметтік желілер және мессенджер чаттарында табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарлама тарату фактілері тіркелді. Бұл өз кезегінде азаматтарды дүрбелеңге салып, кең қоғамдық резонанс тудырды.

Мұндай әрекеттерді жасау фактілері бойынша қазіргі уақытта 1995 және 2006 ж.т. екі әйелдің жеке басы анықталды.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі (онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

249 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз