Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Қаңтар, 2024

Қазақ қызы әлемдік турнирде топ жарды

Үстел теннисінен спорт шебері Жанерке Көшкімбаева Катар астанасы Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Аталған федерацияның ресми парақшасы хабарлағандай, спортшы 25 қаңтарда Дохада (Катар) өткен «WTT Youth Contender» халықаралық турнирінде ерекше көзге түсті. 

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында Жанерке Мәриям Аллалиді (Бахрейн), Фаузия Мелкиді (Катар), Мария Микалаускитені (Литва), Ур Фавадтты (Пәкістан), Амрут Пхадкені (Бахрейн) артта қалдырып, бірінші орынды иеленді. 

Осылайша қарағандылық спорт шебері Жанерке Кошкумбаева (жаттықтырушысы Татьяна Ким) 2024 жылды сәтті бастады. 

Ол 11 қаңтарда Қазақстан чемпионатында командалық есепте І-орынды иеленіп, 15 қаңтарда әйелдер арасындағы жұптық сында тағы да жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Айта кетейік, WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев бірінші орын алған еді. 

354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз