Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Қаңтар, 2024

Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қырғыз тарапының шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

СІМ басшысын «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. 

Бішкек қаласында болу бағдарламасына сәйкес Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы істер ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізіп, оның барысында қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тәжік тарапының шақыруымен Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды.

199 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз