Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Қаңтар, 2024

Абай ауданында туризмді дамытуға арналған форум өтті

Абай ауданында «Абай ауданында туризмді дамытудың жаңа концепциялары, мүмкіндіктері және даму инструменттері» тақырыбында аймақтық форум өтті, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Форумның мақсаты - 2024-2028 жылдары аралығында Абай ауданында туризмді дамытуға қолайлы орта қалыптастыру, кедергілерді жою.
Форумға келген қонақтар ең әуелі Абай ауданының туристік ошағының басы басталатын Бөрілідегі «М.Әуезовтің мұражай үйіне» барып, жазушының өмір жолымен танысты.
Форумға облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев, облыстық басқарма басшылары, облыстық мұражай, туристік фирма директорлары, ауылдық округтердің әкімдері мен облыстағы дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Форум аясында қонақтар үшін қолөнер, мүсіндер, тоқылған бұйымдар және басқа да әдемі әшекей көрмесі ұйымдастырылды.

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз