Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 30 Қаңтар, 2024

Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы құрылады – министр

Су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.

«Мемлекет басшысы су ресурстары бойынша сапалы талдау мен болжам жасауға бағытталған және тексерілген су саясатын құруды атап өтті. Елдің су-ресурстық әлеуетін есепке алу және болжау жүйесін дамыту, су ресурстарын басқару мен жоспарлаудың ақпараттық жүйелерін жетілдіру мақсатында Тұжырымдамада Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығын құру көзделеді», - деді ол.

Министрдің пайымынша, су саласын цифрландыру – шұғыл шараларды талап ететін өте маңызды мәселе.

«Министрлік цифрландыру бағыты бойынша «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп, су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасын әзірлеп жатыр. Бұл өз ретінде бірынғай су кадастры бойынша су нысандарының деректері, гидротехникалық ғимараттар, су бассейіндік учаскілер, гидропосттар, ғарыштық мониторинг жүргізуге, электрондық форматтағы паспортын көруге мүмкіндік береді және су шаруашылығы субъектілерінің есебі автоматтаңдырылады. Бұл ақпараттық жүйе 2024 жылдың 3 тоқсанында өндірістік пайдалануға беріледі. Сонымен қатар тұжырымдамада 3,5 мың шақырымнан астам каналдарды цифрландыру және суару жүйелерінің су есебін автоматтандыру жоспарланғанын атап өту маңызды», - деді министр.

Фото: ашық дереккөз

216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз