Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 30 Қаңтар, 2024

31 қаңтарда Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

​​31 қаңтар 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттар екінші оқылымда трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды.

Үкімет әзірлеген заң жобасы трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру әрі капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама және 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама қаралады.

Бұдан бөлек Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа алады: күзет қызметі, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері бойынша және оған ілеспе заң жобалары.

196 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз