Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қаңтар, 2024

Алматыда Мемлекеттік қуыршақ театры жаңартылды

Алматыда 10 жылда алғаш рет Мемлекеттік қуыршақ театрында жаңарту мен жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

 Театрдың сахна кеңістігі, көрермендер залы, грим бөлмелері, гардеробы жөнделіп, есіктері мен едені жаңартылды. Сапалы дауыс пен жарықты қамтамасыз ететін соңғы үлгідегі заманауи сахна жабдықтары сатып алынды. Қазір театр ұжымы бірнеше премьера дайындап жатыр. Шарль Перро ертегісі негізінде «Етіктегі мысық», Гогольдың «Шинель» және Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестері бойынша жаңа спектакльдер қойылады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев театрды жаңарту көрермендер үшін де, қызметкерлер үшін де қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.
Келесі жылы театрдың құрылғанына 90 жыл толады. Жыл сайын 80 мыңнан астам көрерменді қабылдайтын өнер ордасы бүлдіршіндердің де, ересектердің де сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.
2024 жылға арналған қойылымдар кестесі көп ұзамай театрдың сайтында және Instagram-дағы ресми парақшасында @kuyrshak_teatry жарияланады.
 

233 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз