Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 31 Қаңтар, 2024

Шегірткенің таралып кетуінің алдын алу үшін 4 млрд теңге қаражат бөлінді

Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Бұл мақсатқа қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады:

2020 жылы – 514 мың га;

2021 жылы – 626 мың га;

2022 жылы – 975 мың га;

2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзінде 1 616 мың га өңделді.

2023-2024 жылдарға шегірткенің жаппай таралуының 11 жылдық циклінің үдемелі кезі сәйкес келеді.

Биыл республикалық бюджеттен 1 270,6 мың га алаңды өңдеуге 4,2 млрд теңге бөлінген еді.

Алайда, 2024 жылы нақтыланған жалпы болжам бойынша үйірлі шегірткенің таралу алаңы ұлғайып, 2,5 млн га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1 млн гектарға артық.

Бөлінген қосымша қаражат 1,3 млн га алаңда зиянкес үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

t.me/KZgovernment

233 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз