Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 31 Қаңтар, 2024

Бесқарағай ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бесқарағай аудандық мансап орталығы және аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға 13 жұмыс беруші мен 60-тан  астам үміткер қатысты, - деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Жәрмеңке нәтижесінде мансап орталығының мамандары 2 адамға тұрақты жұмыс орнына орналасуға арналған жолдама табытады. 
Сондай-ақ, 50-ге жуық тұрғын жұмыс берушілерден пайдалы кеңес ала алды. Сондай-ақ, Бесқарағай колледжінің 28 бітіруші түлектеріне жастар практикасы бойынша және алғашқы жұмыс орнына тиісті жолдамалар ұсынылды.
Айта кетсек, Бесқарағай өңірінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл тұрғындардың жұмысқа орналасуына, жеке және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз