Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 31 Қаңтар, 2024

Азық-түлік бағасы арзандай ма?

Ұлттық банк 2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың басында инфляцияның 5 пайызға дейін төмендеуін болжайды. Ал ел тұрғындары азық-түлік бағасының төмендеуін күтуі қажет пе? Бұл сауалға Ұлттық банктен жауап берді.

Ұлттық банктің түсіндіруінше, инфляция тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің кең аясындағы баға өзгерістерін көрсетеді.

«Тұтынушылық себеттегі бір тауарға немесе қызметке бағаның өсуі, екіншісіне төмендеуі, ал үшіншісінде өзгеріссіз қалуы мүмкін. Инфляция тұтынушылық себеттегі барлық тауар мен қыметтердің баға өзгерісін орташаландырады», - делінген Ұлттық банктің агенттік сауалына берген жауабында.

Инфляцияны есептеу үшін тұтынушылық себетте Қазақстанның барлық өңіріндегі тұрғындар ең көп тұтынатын 508 тауар мен қызмет қамтылған.

«Әрбір Қазақстан азаматының өзінің жеке тұтынушылық себеті бар. Оның құрамы талғамға, өмір сүру салтына, табыс деңгейіне, тұрғылықты жеріне және басқаларына байланысты. Өз кезегінде бағаның болмашы әрі тұрақты өсімі сатып алу мүмкіндігі мен нарық тұрақтылығын қолдайды. Бұл компанияларға ұзақмерзімді жобаларды жоспарлауға және жүзеге асыруға, ал тұрғындарға сатып алуды жоспарлауға және табыстарын құнсызданудан қауіптенбей жинауға мүмкіндік береді», - деп атап өтеді Ұлттық банктен.

Болмашы және тұрақты инфляция экономикалық айқынсыздықты төмендетуге мүмкіндік беріп, сол арқылы бизнестің дамуына, өндірістік мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізеді. Бұл түптеп келгенде ұзақмерзімі инвестицияның ұлғаюына, экономика мен азаматтардың әл-ауқатының артуына әкеледі.

«Өз кезегінде өте төмен инфляция немесе дефляция – бұл да тәуекел. Өйткені, оны жүзеге асыру тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуіне алып келеді. Ал өндірушілерде болашақта қосымша кіріс алуға деген сенімділіктің төмендеуі салдарынан инвестиция құюға деген ынтаның құлдырауына әкеледі», - деп нақтылайды ҰБ-дан.

267 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз