Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 31 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: Олимпиаданың соңғы күні жарыс жолына кімдер шығады?

Ертең, яғни 1 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетеді. Соңғы жарыс күні қазақстандық спортшылар шаңғы жарысынан сынға түседі.

Аталған бәсекеде ел намысын Берік Боранбаев, Аубәкір Тотанов, Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова квартеті қорғайды

Аралас командалық эстафета жарысы Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 19-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.
Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз