Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 31 Қаңтар, 2024

Жамбыл облысындағы тасжолда 26 көлік ірі жол апатына ұшырады

Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы маңында 26 көлік ірі жол-көлік оқиғасына ұшарады. Апатқа қарлы боран мен тасжолдағы көктайғақ себеп болған.

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, 31 қаңтарда таңертең "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық маңызы бар тасжолдың 567-шақырымында ірі жол апаты болған.

"Ауа райының қолайсыздығынан (көктайғақ, жолдың көрінбеуі, қарлы боран) 26 көлік (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көлік) жол-көлік оқиғасына тап болды. Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханаға 25 адам түсті", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Тараздан 593-шақырымнан 534-шақырымға дейінгі жол екі бағытта жабық екені хабарланды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жамбыл облысының Полиция департаменті әсіресе ауа райының қолайсыз жағдайында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салады.

Фото: Жамбыл облысы ПД

 

304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз