Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 01 Ақпан, 2024

Күрес түрлерінен ҚР чемпионаты: Бүгін бес салмақтың мықтылары анықталады

Бүгін Астана төрінде ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан біріншілігі басталады.

1-5-ақпан аралығында кіл мықтылар анықталатын доданың алғашқы күні бес салмақта чемпиондар белгілі болады.

Атап айтсақ, бүгін, грек-рим күресінен 55, 63, 72, 82 және 97 келі салмақтағы балуандардың белдесулеріне куә боламыз.

Ел біріншілігі даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді. 

Ал ертең, яғни 2-ақпанда грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87 және 130 келі салмақтың кіл мықтылары анықталады. Ал әйелдер күресінен чемпиондар 3 ақпанда анықталса, еркін күрес шеберлері 4-5- ақпан күндері боз кілемге шығады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі бүгін елорда уақытымен сағат 17.30-да өтеді. Белдесулер күн сайын сағат 10.30-да басталады. Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген балуандар өзара мықтыны анықтайды.

Ал осы біріншілікте топ жарған балуандар Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.

Фото: ашық дереккөз

350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз