Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Ақпан, 2024

Ақтауда салынып жатқан үйдің сыртқы қаптамасы өртенді

Ақтауда бүгін 14 шағынауданда салынып жатқан 6 қабатты "Soho" тұрғын үйінің сыртқы қаптамасы өртенді, деп хабарлайды kazgazeta.kz 

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 2-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейінгі қаптама өртенген. Өрт ТЖД қызметкерлері келгенге дейін сөндірілген. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 30 шаршы метрді қамтиды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

- Оқиға орнына мән-жайларды анықтау үшін Ақтау қаласы бойынша ТЖБ анықтаушысы жіберілді. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз