Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 02 Ақпан, 2024

Қызылордада 235 адамға залал келтірген күдікті ұсталды

Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.ж. 30 қаңтар күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды.

Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиелерін рәсімдегендігі анықталған.

Барлығы 235 адам зардап шегіп, оларға келтірілген залал 2,9 млрд теңгені құраған.

Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз