Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Ақпан, 2024

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, UWW біріккен күрес әлемінің бюро мүшесі, Азия күрес федерациясы және ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шебері қатысып жатыр.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Астана қаласы сапынан 55 келіде белдескен Айбек Айтбеков жартылай финалда көпшілікті таңғалдырып, басты фавориттің бірі — Аманғали Бекболатовтан айласын асырып кетті.
Дегенмен, финалда Жетісу облысының спортшысы Нұрзат Қабдырахимовқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бәсеке 5 ақпанға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Фото: gov.kz

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз