Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Ақпан, 2024

Салық төлеуден жалтарған кәсіпорын анықталды

Павлодар облысы прокуратурасы жарты миллиард теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару фактілерін анықтады.

Жіксіз болат құбырларын өндіруші «KSP Steel» ЖШС ПФ төмен ставка бойынша қоршаған ортаға эмиссия  үшін төлем жасады.

ЖШС қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған, бұл арқылы 113 мың тонна қожды орналастырғаны үшін 567,2 млн. орнына 9,7 млн. ғана төленді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынға 557,5 млн қосымша есептеді, онымен ЖШС келіспеді және фискалдық органның актісіне соттарға шағымданды.

2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы Сот облыс прокуратурасының кассациялық өтінішхатын қанағаттандырып, жоғарыда көрсетілген сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді күшінде қалдырды.

308 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз