Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 06 Ақпан, 2024

Қазақстандық бітімгерлер Голан жотасына барады

Жақын арада Қазақстан БҰҰ миссиясы шеңберіндегі міндеттерді орындау үшін өз бітімгерлерін Голан жотасына жібереді.

Бұған дейін әскери қызметшілер бітімгерлік миссия барысында жеке құрамды өз міндеттерін орындауға үйрететін пәндерді, яғни теориялық және практикалық сабақтар кешенін қамтитын алты айлық бітімгерлік даярлықтан өтті.

Контингентті дайындау БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі көпұлтты операцияларда олардың тиімді интеграциясы мен жедел үйлесімділігінің ережелері мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Он алты жыл ішінде 600-ден астам қазақстандық әскери қызметші Азия, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі Біріккен Ұлттар ұйымының жеті бітімгершілік миссиясына қатысты.

Айта кетейік, Голан жотасы – Таяу Шығыстағы аумақ, оның көп бөлігін Израиль, ал қалғанын Сирия бақылайды.

Фото: kazcent

199 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз