Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 06 Ақпан, 2024

"Үшарал-Достық" автожолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды

"Үшарал-Достық" автожолындағы авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
6 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысында "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолының "Тоқты" учаскесінде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды.  
1990 және 1991 ж.т. екі азаматты эвакуациялау үшін шақыру орнына өтімділігі жоғары техникамен Достық станциясының 10-ӨСБ жеке құрамы жіберілді.
Автокөлік қар құрсауынан сүйреліп, адамдар Достық станциясына эвакуацияланды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

275 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз