Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 07 Ақпан, 2024

Семей қаласының сауда үйіндегі өрт сөндірілді

Семей қаласының сауда үйіндегі өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 ақпанда Семей қаласының "Ақшын" сауда үйіндегі өрт 20:55-те сөндірілді.

Өртті сөндіру ғимарат ішіндегі қатты түтін мен жоғары температураға, үлкен өрт жүктемесіне, жанғыш материалдардың көп болуына және ғимараттың күрделі орналасуына байланысты өрттің тез таралуымен қиындай түсті. Өртті сөндіру барысында 3-ші қабаттың шатыры жартылай құлады.

Өрт 11:39-да оқшауланды.

ТЖД және Денсаулық сақтау басқармасының психологтары 200-ден астам кәсіпкерге шұғыл-психологиялық көмек көрсетті.

Өртті жоюға 487 адам, 46 техника және ТЖД мен полицияның 1 өрт сөндіру пойызы, Апаттар медицинасы орталығы, ТЖМ 68303 әскери бөлімі, "ҚТЖ "ҰК" АҚ, Ұлттық ұланның әскери бөлімі, "Зеленстрой" ЖШС жұмылдырылды.

 

249 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз