Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Ақпан, 2024

Шетелдіктердің асқазанынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды - ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.
Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті.
Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды.
Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан артық.
Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз