Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Ақпан, 2024

Ұранхаев "Ақшың" базарының саудагерлеріне уақытша 13 сауда орнын ұсынды

«Ақшың» сауда үйіндегі жағдай облыс әкімдігінің қатаң бақылауында, - деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті. Жиныға ТЖД, Полиция департаментінің өкілдері, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары мен қала тұрғындары қатысты.
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, туындаған мәселені шешумен айналысатын «жұмыс және жедел-тергеу» тобы құрылды.
«Мен сіздерге қолдау жасалатынын және бұл жағдайға байланысты  жан-жақты ашық шешім қабылдауға кепілдік беремін. Мемлекеттік көмектің барлық тетіктері ұсынылатын болады. Аранайы қор құру жоспарған, өйткені жергілікті кәсіпкерлердің де көмектесуге ниеті бар. Біз жағдай реттелмейінше өз өніміңізді сататын 13 сауда орнын ұсынамыз», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Кездесу барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық мәселелерді қарастыратын кәсіпкерлерден бастамашыл топ құру ұсынылды.
Айта кетейік, Семей қаласындағы ірі «Ақшың» сауда орталығындағы өртке қатысты жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауында.

200 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз