Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Ақпан, 2024

Түркістанда полицияның сервистік орталығы ашылды

Түркістан облысының рухани астанасында полицияның сервистік орталығы ашылды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Polisia.ke-ке сілтеме жасап.
Ол аптасына бес күн сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін және бір уақытта 50-ге жуық адамға қызмет ете алады.
Орталықта көші-қон, жергілікті полиция қызметтерінің, сондай-ақ әкімшілік саланың қызметкерлері консультация беріп, қызметтер көрсетеді.Мұнда анықтама және келушілерге жайлы күту залы бар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттар үшін де жағдай жасалған.
Ғимараттың ашылу салтанатына ішкі істер министрінің орынбасары Е.Ботақанов, облыс әкімі Д. Сатыбалды, Департамент бастығы М. Қабденов пен құзыретті органдардың басшылары қатысты.

302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз