Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Ақпан, 2024

Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
10 ақпанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылынан 20 шақырым жерде қар құрсауында екі автокөлік тұрып қалды.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу шықты. Қоңырау шалу орнына дейінгі қашықтық 170 шақырым. Құтқарушылар қар құрсауында кептеліп қалған техника мен ондағы адамдарды шығарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді.

320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз