Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 11 Ақпан, 2024

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы олимпиада жолдамасына ие болды

Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері анықталды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Сөйтіп Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша олимпиадаға өтті.

Ханчжоуда аталмыш жұп қола жүлдегер атанған болатын. 

Фото: instagram.com/qaz_olympics

551 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз