Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Ақпан, 2024

Аягөзде жоғалған 8 жасар бала табылды

Аягөзде жоғалған 8 жасар бала табылды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
Туыстарының айтуынша, ол 11 ақпан таңертең 10:00 щамасында атпен мал іздеуге шығып кеткен. Кешке бала үйде болмаған кезде, алаңдаған ата-аналар өз бетінше іздеулер жүргізді, бірақ оң нәтиже бермей, полицияға жүгінді.⠀

Баланы іздеу дереу басталды, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді. Полицейлерден басқа іздестіруге еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысты.

Іздестіру жұмыстарына 67 адам, 9 техника және ТЖ тікұшағы жұмылдырылды.

Баланы іздестіру ауа-райының жағдайы қиындатады, жедел-іздестіру іс-шаралары облыстың көрші елді мекендері мен аудандарының аумағында да жүргізілді.

8 жасар Мерей Аягөз қаласының шегінде табылды. ТЖД бөлімшелері тұрақты орналасу орындарына қайтты.

226 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз