Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 13 Ақпан, 2024

Түпқарағанда 3 педагог жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Түпқараған ауданында 3 педагог жалған дипломмен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды kazgazeta.kz

Аудан әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті. Аталған басқосуда Түпқараған аудандық білім бөлімі басшысы А.Өтесбаева сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға жасалған мониторинг қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Мониторинг нәтижесінде Түпқараған ауданы бойынша білім беру саласында 3 педагог жалған дипломмен жұмыс атқарғаны анықталған.

Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде бір педагог мемлекетке 674 974 теңгені қайтарған. Үш педагогтің екеуі Ғ.Айдаров атындағы бірінші мектеп-лицейінің мұғалімдері. Олар мемлекеттік ЖОО-ның бітіргені жөнінде жалған дипломмен жұмысқа орналасқан. Біреуі Ақшұқыр мектеп-гимназиясының педагогы екені айтылды.

168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз