Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 13 Ақпан, 2024

Рудныйда жол жиегіне батып қалған автобус шығарылды

Рудныйда полиция құтқарушылармен бірге жол жиегіне батып қалған автобусты шығарды. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушы тасымалдаушы көлікте 56 адам, оның ішінде үш әйел мен төрт бала болды. Автобус Шымкент-Мәскеу бағыты бойынша жүрген. 12 ақпанда Рудный-Қашар автожолында жүргізуші көлікті басқара алмай, жиекке шығып кеткен. Оқиға орнына келген арнайы қызметтер ауыр техника қолдана отырып, автобусты  шығарды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Көші-қон полициясы қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде жолаушылардың Тәжікстан азаматтары екенін анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. Олардың барлығы Рудный қаласының жылыту пунктіне орналастырылып, тамақтандырылды. Осыдан кейін автобус өз жолын жалғастырды.
 

182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз