Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 13 Ақпан, 2024

1915 жылы Семей қаласында еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылған

1915 жылы 13 ақпанда Семей қаласында еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - көрнекті жазушы, драматург, қазақ әдебиетін қалыптасушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов.

«Біржан-Сара» спектаклінде қазақ қоғамында әлеуметтік мәні бар әйел теңдігі мәселесі көтерілген.

Біржанның рөлін Жүсіпбек Аймауытовтың өзі, ал Сараның рөлін - Тұрар Қозбағарова сомдады.

Осылайша қазақ мәдениеті тұңғыш рет режиссура өнерімен толығып, қойылымның сахнаға шығуы ерекше мәдени құбылыс болды.

Ол өзінің «Театр кітабы туралы» мақаласында сахна өнері мен драматургияның мәдени өмірде алатын орны мен ерекшеліктеріне тоқтала келе, театр мен репертуар мәселесін тығыз байланыстырған.

215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз