Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Ақпан, 2024

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті “Қорғаудың” көмегімен ұсталды

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті “Қорғаудың” көмегімен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта орын алды. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп ізін суытқан.
Автокөлікті "Қорғау" бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады.
Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды.
Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты, алайда ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз