Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Ақпан, 2024

Абай облысында ҚХА ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кеңесте ақсақалдар елдегі патриотизмді, қоғамдық келісімді дамыту мәселелерін талқылады.
Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өз сөзінде ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік пен байланыстықтың, сондай-ақ құндылықтарды, тәжірибе мен дағдыларды аға буыннан кішіге берудің маңыздылығын атап өтті.
«Уақыт тез өзгеруде, бірақ білім мен тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беру біздің ұлттық болмысымызды, тарихи және мәдени мұрамызды, әдет-ғұрыптарымыз бен дәстүрлерімізді сақтауға көмектеседі. Қоғам игілігі үшін еңбек етуге ұмтылғаны үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамын», - деді Айдар Садырбаев.

Конференция қорытындысы бойынша ақсақалдар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, белгіленді.

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз