Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Ақпан, 2024

Алматы облысында балаларға шабуылдаған ер адам ұсталды

Алматы облысында балаларға шабуылдаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Алматы облысында белгісіз ер адам 4 баланы ұрып-соғып, азаптағаны туралы ақпарат желіде тараған еді. 

Балалардың айқайына көршілері жүгіріп келгенде, олардың аяқ-қолы байланғанын көрген. 

Зардап шеккендердің сөзінше, Бақытжан есімді ер адам үйге басып кірген.

Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың сөзінше, қазір ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Қылмыскерді құрықтау операциясы Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті. 

«Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды», - деді Бауыржан Әленов. 

169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз