Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Ақпан, 2024

Көкпекті ауданында тікұшақ арқылы 29 адам қар құрсауынан құтқарылды

Абай облысы Көкпекті ауданында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ТЖМ.
Қазіргі уақытта ШҚО әкімдігі әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағы қар құрсауынан 29 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды.
Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов оқиға орнында.
Жедел республикалық және облыстық штаб жұмыс істейді.
Сенім телефоны ашылды: 8 7222 35-38-31.
Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған.

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз