Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Ақпан, 2024

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түзету мекемесінде көз жұмды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Ямало-Ненецтегі №3 түзеу мекемесінде көз жұмды. Бұл туралы Ресейдің жазаларды өтеу бойынша федералды қызметі хабарлады, деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Алексей Навальный түзету мекемесінде серуеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінген. Кейін жедел-жәрдем дәрігерлері сотталушының көз жұмғанын хабарлапты. Қазіргі таңда өлімінің нақты себебі анықталып жатыр. 

"Мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. Барлық қажет реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын айтты", – делінген федералды қылмыстық атқару жүйесі басқармасының хабарламасында.

Ал Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл жайтқа қатысты барлық мән-жай анықталып жатқанын айтты. 

“Білуімше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қазір бұл деректің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл үшін ешқандай бұйрық керек емес, белгілі ережелер бар. Өлімінің себебін мәскеулік дәрігерлер анықтауы қажет”, – деді Песков журналистердің сауалына жауап беріп.

Навальный Ханты-Мансинский автономды округіндегі “Полярный волк” мекемесінде жазасын өтеп жатқан. 2023 жылы экстремистік ұйым құру, экстремистік іс-әрекетті қаржыландыру, экстремизмге шақыру, нацизмді жаңғырту айыптары бойынша кінәлі деп танылып, 19 жылға сотталды. 

782 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз