- Құмсағат
- 18 Ақпан, 2024
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионы атанды

Давид Ефремов жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Тегеранда (Иран) өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
60 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында ол қашықтықты 7,60 секундта жүгіріп өтті.
Жалпы, Қазақстан жеңіл атлетика құрамасы чемпионаттың бірінші күнінде 3 медаль жеңіп алды. Иван Иванов та ядро лақтырудан 19,08 ұпаймен күміске қол жеткізді.

491 рет
көрсетілді0
пікір