Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 19 Ақпан, 2024

Жарық пен ғажайыптың өнертапқышы

Көзіңді жұмып, жарық қосқышты басқан кезде жарықсыз, музыканы өмірге әкелетін фонографтың сиқырлы гуілінсіз және кино экранында жыпылықтайтын сиқырлы оқиғаларсыз әлемді елестетші. Енді көзіңді аш және армандарды шындыққа айналдырған, әлемнің ең қараңғы бұрышына жарық әкелген Томас Эдисонның керемет өмірі мен өнертабыстарын білу үшін шытырман оқиғаға кірісейік. Біздің өмір сүруімізді мәңгілікке өзгерткен Томас Эдисонның ерекше әлемі туралы бұрын білуші ме едің?

1847 жылы 11 ақпанда АҚШ-тағы Огайо штатының Майлен қаласында Томас Альва Эдисон есімді қызық және жігерлі бала дүниеге келді. Әу бастан-ақ жас Эдисонның қарапайым бала емес екені белгілі болды. Оның өткір көзі мен мазасыздығы алда болатын ерекше шытырман оқиғаларды меңзеп тұрды. Отбасы оны еркелетіп Том деп атады. Үй ішінің махаббатына шомып өскен бала кішкентайынан табиғат ғажайыптарын зерттегенді ұнатты. Оның сүйікті ісі жақын маңдағы ормандарда ұзақ серуендеу еді. Онда ол өрмекшілер тоқитын күрделі өрнектерге таңғалатын. Бала кезіндегі бұл байқампаздығы бір күні оның өнертабыстарына шабыт беретінін ешкім білмеген.

Том есейген сайын айналасына тіптен қызыға түсті. Сол тойымсыз қызығушылығы оны қолына түскен кез келген нәрсемен айналысуға итермеледі. Әкесі Самуэль Эдисон тақтайша жасаушы еді. Том тәжірибе жасау үшін әкесінің тақтайшаларын пайдаланатын. Бір күні әкесі құралдардың жетіспейтінін аңғарады. Анасы Нэнси де ұлының қызығушылығын байқап, оның ізденісіне жол ашады. Томның ғылымдағы алғашқы әрекеттерінің бірі отбасылық жертөледе зертхана құру болды. Ол үй жағдайында түрлі химиялық заттармен тәжірибе жасап, тіпті үйін жарып жібере жаздаған. Ата-анасы ұлының қисынсыз идеяларына селкеу түсірмей, ізденімпаз табиғатынан болашақтағы әлеуетін көре біліпті.

ЖАС КӘСІПКЕР

12 жасында Том өзінің алғашқы кәсібін бастады. Анасы берген шағын баспа станогымен теміржолдағы жаңалықтар мен оқиғаларға арналған Grand Trunk Herald газетін шығарды. Томның әңгімеге деген табиғи таланты және технологияға деген қызығушылығы газетті жергілікті сенсацияға айналдырды. Grand Trunk Herald газетінің сатылымнан түсетін табысы Томның кәсіпкерлік рухын арттырды. Ол жолаушыларға көкөніс, кәмпит және газет сатты. Бұл бастама оған табыс әкеліп қана қоймай, сонымен бірге еңбекқорлық пен инновация туралы құнды сабақ берді.

ӘУЕСҚОЙЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕГРАФ

Жасөспірім кезінде Том серуендеуді қатты жақсы көрген. Әлемді танып-білуге құштар ол қаладан қалаға саяхаттап, Grand Trunk Railroad компаниясына тілші болып жұмысқа орналасты. Саяхат кезінде ол өзінің қиялын жаулап алған жаңа технология телеграфты кездестірді. Телеграф туралы көбірек білуге бел буған Том өз бағыты бойынша телеграф операторларымен дос болды. Ол Морзе кодын жетік меңгергенше, сансыз сағатын бақылауға және өзіне сұрақ қоюға жұмсады. Томның телеграфты меңгеруге деген адалдығы оның технология мен байланысқа деген өмірлік махаббатының бастауын белгіледі.

«МЕНЛО ПАРК СИҚЫРШЫСЫ»

1869 жылы Том Эдисон Бостонға (Массачусетс штаты) келді, яғни өнертабыс әлемінде өзінің атын шығаруға дайын еді. Ол әртүрлі жобаларда тынымсыз жұмыс істеді, яғни биржа билеттерінің тиімділігін арттырудан бастап, бір уақытта бірнеше хабарлама жібере алатын төрт жақты телеграфты әзірлеуге дейін тынымсыз ізденді. Көптеген қиындық пен сәтсіздікке қарамастан, Томның табандылығы өз жемісін берді. Ол білікті өнертапқыш ретінде беделге ие болды және Нью-Джерси штатындағы Менло Паркте өзінің әйгілі зертханасын ашқаннан кейін «Менло Парк сиқыршысы» деген лақап атқа ие болды.

ШАМДЫ ЖАСАУ СӘТІ

Том Эдисонның ең көрнекті өнертабысы – қыздыру шамы жылдар бойы жүргізілген эксперимент пен инновацияның нәтижесі еді. Көптеген сәтсіздіктен кейін ақырында ыстыққа төтеп бере алатын және тұрақты жарқырауды қамтамасыз ететін қолайлы көміртекті бамбук жібін тапты. 1879 жылы Эдисон қыздыру шамының жұмысын сәтті қорғап, адамдардың өмірі мен жұмыс істеу тәсілін мәңгілікке өзгертті. Жарықтандырудың жаңа дәуірі енді және Эдисонның есімі инновацияның синонимі болды.

НҰР МҰРАСЫ

Томас Эдисон өзінің тамаша саяхатына көз жүгірте отырып, өнертабыстарының әлемге тигізген әсеріне таңғалған. Бір кездері Майлен орманын аралаған қызық бала әлемдегі ең ірі өнертапқыштың біріне айналды.Томас Эдисонның мұрасы жарық шамынан да асып түсті. Оның байланыс, кинофильмдер және электр энергетикасы салаларына қосқан үлесі қоғамды өзгертті және болашақ өнертапқыштарға жол ашты. Балалық шағында тұтанған идея ұшқыны әлемді нұрландырды.

Бұның бәрін не үшін айтып отырмыз? Досым, бәлкім, қазір сенің кейбір идеяларыңа айналаң күле қарап, «ол мүмкін емес» деген сөзді айтып қалатын шығар... Алайда, жұрттың ондай сөзіне мән берме. Кішкентай Том сияқты батыл қадамдар жасай берсең, әлемді Өзгертетін жан тап сен боларсың... «Мүмкін емес» дегенді мүмкін еткенде ғылымның жаңа баспалдағына көтерілетініміз анық. Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «болмасаң да ұқсап бақ». Келесі жолы басқа да ғалымдардың балалық шағына саяхат жасаймыз. 

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

«Ұлан» газеті, №6
6 ақпан 2024 жыл

 

516 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз