Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 19 Ақпан, 2024

Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілді

Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатардың Доха қаласында аяқталған Qatar Totalenergies Open WTA 1000 турнирінің финалисі атанғаннан кейін WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға шықты.

Жаңартылған чемпиондық кестеде Беларусьтің спортшысы Арина Соболенко 2325 ұпаймен көш бастаса, Елена Рыбакина (1828 ұпай) төртінші орыннан екінші орынға көтерілді.

WTA-ның бүгін жаңартылған рейтингінде алғашқы төрттікте өзгеріс бола қойған жоқ.

Польша өкілі Ига Швентек, Арина Соболенко, америкалық Кори Гауфф мен Елена Рыбакина алда келеді. Тағы бір Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева 76-дан 77-ге, Жібек Құламбаева 489-дан 491-ге, Гөзал Айнитдинова 745-тен 751-ге орынға түсті. Аружан Сағандықова 796 орынға көтерілді.

266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз