- Аймақ тынысы
- 20 Ақпан, 2024
Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды
Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының мас күйінде автокөлікті жүргізу фактісінің жолын кесті. Жүргізуші Павлодарға "Rally-2024"спорттық шоуына қатысу үшін келген.
Көлікті мас күйде басқарған азамат жазаланды. Сот қаулысымен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
420 рет
көрсетілді0
пікір