Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Ақпан, 2024

Мақаншы ауданының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Мақаншы ауданы мәслихатының келісімен, облыс әкімінің өкімімен Қойгельдин Дәурен Бақытжанұлы Мақаншы ауданының әкімі болып тағайындалды - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дәурен Бақытжанұлы 1984 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу бітірген.

Әр жылдары Көкпекті аудандық мәслихатының аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.

Қазіргі лауазымға дейін Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болды.

201 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз