Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Ақпан, 2024

300-ден астам көлік жуу, монша кешендері мен бассейндер су пайдалануға арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген

Жамбыл облысында 300-ден астам көлік жуу, монша кешендері мен бассейндер су пайдалануға арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлар жер асты суларын пайдаланатын қызмет көрсету саласы бойынша 300-ден астам коммерциялық объектілерді, оның ішінде көлік жуу, моншалар мен бассейндер уәкілетті органның беретін су пайдалануға арнайы рұқсатсыз жұмыс істегенін анықтады. Кейбір көлік жуу орындары ауыз суды пайдаланған.

Су көлемінің жыл сайын өсіп келе жатқан тапшылығы және мемлекеттің су тұтынудың тиімділігін арттыру бойынша жүргізіп жатқан саясаты аясында өмірлік маңызды тіршілік көзіне немқұрайлы және жауапсыздықпен қарауға жол берілмейді.

Нәтижесінде жыл сайын облыс бюджетіне пайдалы қазбаларды өндіргені үшін көптеген миллион салық сомалары түспеген.

Бұл бұзушылықтар прокурорлардың бастамасы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, уәкілетті органдардың және су саласының сарапшыларының қатысуымен облыс прокуратурасы жанындағы Сараптамалық кеңесте қаралды.

Қазіргі уақытта жағдайды түзету және жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдануда.

256 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз